Азаматтар қалыпты өмірге қалай оралады?

/image/2020/08/14/crop-12_97_666x1184_5f3219308e7ba294060557.jpg

Қазақстанда 17 тамыздан бастап карантинді жеңілдету туралы шешім қабылданды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой азаматтардың қалыпты өмірге қалай оралатынын айтты.

Дүйсенбіден бастап Қазақстанда сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, базарлардың барлық түрлері, сұлулық салондары және басқа да нысандар қайтадан өздерінің әдеттегі режимінде жұмыс істей алады.

Маска режимі және әлеуметтік қажетті қашықтықты қатаң сақтау талабы орындалуға тиіс.

Министр инфекция жаңадан күшеюі мүмкін екенін ескертіп, алғашқы карантиннен шығу қателіктерін қайталаудың қажетінөгін атап өтті.

Алайда әзірге бар, түнгі клуб, караоке, кинотеатр мен  театр, азық-түлік корттары, мұражай-көрмелер, бассейндер және басқа да ойын-сауық нысандарының жұмысына, көпшілік қонақтардың қатысуымен жаппай шаралар мен мерекелерге тыйым салынады.

Эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін демалыс күндері шектеу шаралары сақталады.

22-23 тамызда қоғамдық көліктер қайтадан жабылып, қатаң шектеу шаралары енгізіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар